PoliticsБасты

1991 жыл ел халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды – Нұрсұлтан Назарбаев

1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтетін жыл болып отыр. 1991 жылы еліміздің халқы үшін жаңа дәуірдің басы болды. Бұл – бостандық, ата-бабамыздың тарихи мекенінде еркін өмір сүру, жаңа мемлекет құру, оның тағдыры үшін жауапкершілік алу уақыты болды. Соның барлығын өзіміз басымыздан кешіріп, көзімізбен көрдік. Енді міне, биыл сол 30 жылдықты атап өтеміз. 30 жыл бұрын көпұлтты, көпконфессиялы халқымыз еліміздегі бірлікке, бейбітшілік пен келісімге қарай жылжу үшін тағы бір іргелі таңдау жасады», – деді ҚХА-ның ХХІХ сессиясын ашқан Елбасы.

ҚР Тұңғыш Президентінің атап өтуінше, осы уақытқа дейін жүріп өткен жолдың, ұлттық дамудың стратегиялық формуласының дұрыстығы мен тиімділігін сеніммен айтуға болады.

«Бұл ең алдымен мемлекеттілік құрылысы үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді және қазіргі заманғы Қазақстанның бет-бейнесін қалыптастыруға қуатты ресурспен қамтамасыз етті. Осы ретте басты камертон қызметін «Бiз,ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы» деген сөзбен басталатын Конституциямыздың преамбуласы атқара алады. Бұл сөйлемнің мәні өте маңызды. Өйткені, Констиуцияны жазу барысында оған өте маңызды мән берген едім. Ата заң ұлтына сеніміне немесе тіліне қарамастан барлық отандасымыздың ортақ мүддесін білдіреді. Конституциямыздың 11 бабы мемлекетіміздегі бірлікті, бейбітшілік мен келісімді бекітеді, қорғайды және нығайтады. Елімізде тіліне, дініне, ұлтына байланысты белгілер бойынша қандайда бір кемсітушіліке тыйым салынады», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button