PoliticsБасты

Елбасы ҚХА төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановты қабылдады, деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздегі этносаралық қатынастар саласындағы ахуал және Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты алдағы XXIX сессиясына әзірлік барысы туралы баяндалды.

– 1995 жылғы шешімім бойынша құрылған Ассамблеяның жұмысын мен ерекше бақылап отырамын. Содан бері этносаралық қатынастарды нығайту саласында біраз шаруа атқарылды. Біздің бұл саладағы тәжірибеміз дүние жүзіне мәлім, көптеген елдер оған қызығушылық танытуда, – деді Елбасы.

Кездесу барысында өңірлердегі Достық үйлерінің жұмысына баса көңіл бөлінді. Тұңғыш Президент аймақтарда қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік бағытындағы мемлекеттік саясатты одан әрі жүзеге асыру үшін әкімдіктер мен Қазақстан халқы Ассамблеясының бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтті.

Соңында Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы бірқатар нақты тапсырма берді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button