ӘлемБасты

Путин Зеленскийдің кездесу туралы ұсынысына жауап берді

Ресей президенті Владимир Путин Украина президенті Владимир Зеленскийдің кездесу туралы ұсынысына «Мәскеуде кез келген ыңғайлы уақытта қабылдауға дайынбыз» деп жауап берді. Бұл туралы Украинская Правда жазды.

Зеленский сейсенбіде елдің қауіпсіздік жағдайы туралы бейнеүндеуде Ресей президентіне «Украинадағы Донбасстың кез келген нүктесінде кездесуді» ұсынған еді.

«Егер екіжақты қатынастарды дамыту туралы айтатын болсақ, онда біз Украина президентін Мәскеуде кез келген уақытта қабылдаймыз», – деді Путин Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесу кезінде журналист сұрағына берген жауабында.

«Бұдан туатын сұрақ: біз ол кездесуде нені талқылаймыз? Егер Донбасс мәселелерін талқылау туралы айтатын болсақ, онда бірінші кезекте Украина басшылығы Луганск және Донецк халық республикалары басшыларымен кездесіп, содан кейін бұл мәселелерді Ресей өкілдерімен талқылауы керек», – деді Ресей президенті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button