Tesla автокөлігі Техас штатындағы Хьюстонға жақын жердегі ағашқа түйісіп, өртеніп кетті. Салонда екі жолаушы болған. Полиция мәліметінше, жүргізушінің орнында адам болмаған; екі жолаушы қайтыс болды. Мұндай көліктер автопилот функциясымен жабдықталған, бірақ апат кезінде бұл система қосулы болды ма, әлі белгісіз. Бұл туралы BBC жазды.
Өрт толықтай сөндірілген кезде полиция бір жолаушының денесін алдыңғы, екінші жолаушының денесін артқы орындықтан тапқан.
Кейін Tesla басшысы Илон Маск бұл электромобильде апат кезінде автопилот режимі сөніп тұрғанын мәлімдеді, деп жазады TACC ақпараттық агенттігі.
Масктың айтуынша, жол-көлік апаты болған жолда автопилоттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін арнайы жабдық болмаған.
«Осы уақытқа дейін белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, көлікте автопилот сөніп тұрған, сонымен қатар машинаны толық автономды басқару функциясы сатып алынбаған», деді Маск өзінің Твиттердегі парақшасында.