Economy

Апта қорытындысы: байлар байи түсті

Әлемдегі ең бай адам тұғырын Amazon қожайыны Джефф Безос әлі берер емес

Хай-тек компаниялардың бірегей индексі S&P500 төртінші апта қатарынан сауда сессиясын рекорд көрсеткішпен жауып келе жатыр деп жазады RBC басылымы Forbes мәліметіне сүйеніп.

Өткен аптаның қорытындысы бойынша (16 cәуір 2021), байлар байи түсті. Ал бәрінен табысты болған SpaceX пен Tesla-ның иесі Илон Маск пен LVMH (Louis Vuitton Moët Hennessy) басшысы Бернар Арно екен. Олардың дәулеті өткен аптаның ішінде шамамен 13 млрд $ өскен. Сейсенбі күнгі (13 сәуір 2021) акция саудасында Илон Маск 12,3 млрд $ тауып, әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 2-орынға тұрақтады.

Дегенмен Бернар Арно оны жұма күні (16 cәуір 2021) басып озып, қайтадан 2-орынға орналасты. Қазір Бернар Арноның дәулеті 181,7 млрд $, ал Илон Масктің дәулеті 179,7 млрд $ бағаланып отыр. Әлемдегі ең бай адам тұғырын Amazon қожайыны Джефф Безос әлі берер емес: соңғы рет оның дәулеті 197,8 млрд $ бағаланған.

LVMH акциясы апта ішінде 7,8% қымбаттап, рекорд орнатты. Инвесторлар оның саудасы қызатынына сеніп отыр. Сонымен бірге, аталмыш брендтің жаңадан активтер сатып алуын да қолдап отыр. Айталық, LVMH 2019 жылы Tiffany & Co. зергерлік брендін 15,8 млрд $ сатып алған еді. Бернар Арно сол кезде «бұл зергерлік брендті қайтадан жарқырататынын» мәлімдеген болатын.

Жалпы, инвесторлар әлем бойынша позитив көңіл-күйде. Олар әлемдік экономика вакцинациядан кейін шарықтайды деп күпініп отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button