PoliticsБасты

Асхат Аймағамбетовтың отандық вакцинаға көзқарасы қандай?

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов отбасы мүшелері міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина салдыратынын айтты.

«Былтыр тамыз айының басында вакцинаны салдырған едім. Жалпы, жеке өз басым жыл сайын екпе қойдыратын адамдардың санатындамын, яғни тұмауға қарсы екпені жасатып жүрмін. Өткен жылы үш вакцина алдым, соның бірі – отандық QazVac. Атап айтқанда, вакцинаға, ғылымға сеніммен қарауға шақырамын», – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.

Сонымен қатар ол өз отбасы мүшелері де міндетті түрде коронавирусқа қарсы вакцина алатынын айтты.

«Қазіргі уақытта олар еліміздің өзге де азаматтары сияқты өзінің кезегін күтіп жүр. Шақырту келгенде кезекпен екпені салдырады», – деді Асхат Аймағамбетов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button