Әлемдік қор биржаларындағы акциялардың сомасы 106 трлн АҚШ долларына жетті деп жазады жапонның Nikkei басылымы.
Бұл көрсеткіш соңғы бір жылда 60%-ға өскен. Басылым сарапшыларының айтуынша, мұндай ғаламат өсім инвесторлардың пандемиядан кейін әлемдік экономика қарқынмен өседі деген дәмесіне байланысты.
Алайда сарапшылар мұның қауіпті болуы мүмкін екенін де айтады. Себебі жер жүзінің жалпы ішкі өнімі 106 трлн АҚШ долларына жетпейді екен. Ендеше, осынша қаржы құйылған әлемдік экономика тез арада «қайнап» кету қаупі сезіледі деп түйеді сарапшылар. Бұл кезде нарық өсу нүктесін тез өтіп кетіп, қайтадан тоқырауға ұшырауы мүмкін.