Ақтөбелік азамат «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының арқасында өз ісін ашты
Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының тұрғыны Орынбасар Сүйінбаев Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысу арқылы грант алып, пластик есіктер мен терезелер дайындау бойынша өз ісін ашты.
Екі баланың әкесі Орынбасар Сүйінбаев отбасын тұрақты табыспен қамтамасыз ету үшін бизнеспен айналысамын деп шешкен. Ол үшін ол өзіне таныс бағытты таңдады.
«Мен бұрын жалдамалы жұмысшы едім, ал демалыс күндері танысыммен терезелермен айналыстым. Содан кейін танысым көшіп кетіп, мен өзімді жаңа деңгейде сынап көруді шештім. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қолдау алған көптеген адамдарды білемін, сондықтан да байқап көру керек, тәуекелге бару керек деп ойладым», – деді ол.
Ол өзінің бұрынғы әріптесінің шеберханасынан бизнес жүргізуге арналған жабдықтардың бір бөлігін сатып алған, бірақ бұл жұмыс үшін жеткіліксіз болды: бірқатар манипуляциялар бойынша бәсекелестеріне жүгінуге тура келді. Бүкіл өндірістік процесті өз бетінше жолға қою үшін Сүйінбаев «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында грантқа өтінім берген. Алынған ақшаға ол кескіш аралар, станок және т. б. қажетті жабдықтар мен құралдарды сатып ала алды.
Орынбасардың айтуынша, Мәртөк ауданында осы салада жұмыс істейтін бірнеше ұйым ғана бар, сондықтан бизнестен түсетін табыс отбасын қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
2021 жылғы 30 наурыздағы жағдай бойынша Ақтөбе облысында мемлекеттік бағдарлама аясында өз ісін дамытуға 51 адам грант алды. Қысқа мерзімді кәсіптік оқуға өңірдің 203 тұрғыны, жастар практикасына 317 адам жіберілді. Тұрақты жұмыс орындарына 3922 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1075 адам, қоғамдық жұмыстарға 3226 адам қатысты.
2021 жылдың басынан бастап «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен өңірде барлығы 8 852 адам қамтылды.
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылы Қазақстан бойынша 109,7 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары болды, олар түрлі қолдау түрлерін алды. 100,4 мың адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 32,8 мыңы – тұрақты жұмысқа, мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарына 68,6 мың адам жұмысқа орналастырылды, 1,2 мың адамға қайтарымсыз грант берілді.