ӘлемБасты

12 жастағы бала TikTok-тағы челленджге қатысып, комаға түсті

Колорадо штатының жас тұрғыны TikTok-тағы Blackout Challenge-ге қатысып, соңы қайғылы жағдайға ұласып есін жоғалтқан.

Blackout Challenge ойынының негізгі мақсаты – жасөспірімдер есін жоғалтқанға дейін өз-өзін тұншықтырады. Соның бәрін камераға түсіріп, әлеуметтік желіге жүктейді. Америкалық FoxNews басылымы хабарлағандай, 12 жастағы Джошуа Хейлиесустың ағасы оны 22 наурыз күні жуыну бөлмесінде есінен танып жатқан жерінен тауып алады. Жеткіншек челленджге қатысу үшін сымды қолданған.

Дәрігерлердің айтуынша, баланың қазіргі жағдайы көңіл көншітерлік емес. Олар оқушыға «мидың өлімі» деген диагноз қойды.

Жеткіншек өлім аузында тұрса да, оның отбасы одан үміттерін үзбейтінін айтады. Джошуаның әкесі барлық жергілікті телеарналардан жасөспірімдерге үндеу жасап, мұндай қауіпті челлендждерге қатыспауларын сұрады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button