Басты

ҚР АҚДМ «Adaldyq alany» жобалық кеңсесіне жаңа жетекші тағайындалды

Кадрлық өзгерістерге байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрінің бұйрығымен Тимур Жұмырбаев «Adaldyq alany» жобасының жетекшісі - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды. «Adaldyq alany» жобасының кураторы ретінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі аппаратының басшысы Серік Егізбаев белгіленді.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасының бастамасымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңселер бүкіл ел бойынша ашылып, жұмыс істеуде.

Бүгінде ҚР АҚДМ-ның «Adaldyq alany» жобасы мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күш-жігерін біріктіретін бірегей платформа ретінде қызмет етіп тұр.

Тимур Жұмырбаев 1998 жылы 9 қыркүйекте Қарағанды ​​облысы, Жезқазған қаласында дүниеге келген.

Ол оқуды Пекиннің Саясат және құқықтану колледжін (Қытай) Халықаралық экономикалық құқық мамандығы бойынша бітірді.

Қазір Лев Гумилев атындағы ЕҰУ-дің Халықаралық қатынастар факультетінің шығыстану бакалаврына оқып жатыр.

Қазақстан халқы Ассамблеясындағы «Жарасым» республикалық жастар ұйымының жетекшісі.

«Жезқазған. Тарихтағы тұлғалар» кітабының авторы.
Тимур Жұмырбаев 2016 жылы Қарағанды ​​облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Шаңырақ» жастар ұйымын басқарды. 2018 жылы «Жаңғыру жолы» ҚХА Республикалық жастар қозғалысы төрағасының орынбасары болып сайланды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button