EcoБасты

Түркістанда қызғалдақтар көрмесі өтеді

Түркістанда қызғалдақтар көрмесі ұйымдастырылып, онда өңірдегі барлық қызғалдақ түрлері келушілер назарына ұсынылмақ. Бұл туралы «Сырдария-Түркістан» мемлекеттік өңірлік паркінің туризм, рекреация және экологиялық ағарту бөлімінің басшысы Ғани Назарбек мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сала маманының сөзінше, жуық арада бүр жаратын қырмызы қызғалдақтарды жұлғандарға заң аясында жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан тау бөктерінде жайқала өскен дала гүлдеріне, табиғатқа зиян тигізбеген абзал.

Ғани Назарбек сонымен қатар өңірлік парк аумағында өткен жылы 14 орман өрті оқиғасы тіркелгенін атап өтті. Ал, ұрлыққа қатысты 300 рет рейд жүргізіліп, 152 заңбұзушылық жәйті анықталған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button