ӘлемБасты

Торонтодағы Қазақстан күндері қалай өтуде?

Торонтодағы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру бойынша PDAC әлемдік көрме-конференциясының аясында бүгін Қазақстан күні өтіп жатыр.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар, ҚР Сыртқы істер министрліктерінің, «Aurora Minerals Group» МК, «Rio Tinto», AIX, «Қазмырыш» АҚ өкілдері шараны онлайн форматта өткізеді.

Жыл сайынғы PDAC конференциясы – ағымдағы мәселелер, перспективалық нарықтар, салалық үрдістер және жаңа технологиялар талқыланатын әлемдік тау-кен өндіру саласы үшін жетекші іс-шара. Көрме әлемнің әр бұрышынан инвесторларды, сарапшыларды, тау-кен саласының жетекшілерін, геологтар мен мемлекеттік қызметшілерді тартады.

«Kazakhstan Day» аясында Қазақстанның мемлекеттік органдары мен ұлттық компанияларының өкілдері конференция қатысушыларына еліміздің минералдық ресурстары нарығының болашағы, инвесторлар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер, заңнамадағы жаңалықтар, сондай-ақ инвесторларды қолдау шаралары мен Қазақстан нарығындағы жұмыс ережелері туралы айтып берді.

Конференцияда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Руслан Нұрашұлы Баймишев батыс-австралиялық модельге негізделген жаңа заңнаманы іске асырудың қысқа кезеңінде Қазақстанда геологиялық барлау саласында компаниялар дамып келе жатқанын атап өтті. Бірінші кезекте, бұл лицензия алу процесін айтарлықтай оңайлатумен байланысты. Мәселен, 2 жыл ішінде 1200-ден астам жер қойнауын пайдалану құқығы берілді.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілдері мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы аясында барлау үшін ел аумағының 750 000 шаршы шақырымнан астам жер қойнауы берілгенін хабарлады. Бүгінгі таңда тек 8% лицензияланған. Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де пайдалы қазбаларды іздеу және өндіру шараларын ұйымдастыруға қолжетімді. Геологиялық барлауға лицензия беру рәсімі 10 жұмыс күнінен аспайды.

Геологиялық барлау жұмыстарының тез артуына байланысты елімізде пайдалы қазбаларды барлау қызметтері айтарлықтай өсті. Жер қойнауын зерттеу нарығында бұрғылау, геофизикалық, консалтингтік және сараптамалық қызметтер көрсететін жаңа жергілікті юниорлық компаниялар, сервистік компаниялар пайда болды. Бұдан басқа, пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін ең заманауи технологиялары бар жетекші әлемдік тау-кен өндіруші компаниялар Қазақстан нарығына қызығушылық танытуда.

Мұның бәрі ел тұрғындары үшін пайдалы. Саладағы белсенділіктің жандануы жаңа жұмыс орындарының ашылуына және жалақының өсуіне әсер етеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button