EconomyБасты

Қазақстанда шоколад пен одан жасалған өнімдер өндірісі 26%-ға төмендеді

2021 жылдың қаңтарында Қазақстанда 5,5 мың тонна шоколад және шоколад пен қанттан жасалған кондитерлік өнім әзірленді – бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 26,6%-ға төмен, деп хабарлайды Energyprom.kz мониторинг агенттігі.

Өңірлер үлесінде өндірістің 94,1%-ы – Алматы (3 мың тонна, 24,4%-ға төмен), Алматы облысы (1,1 мың тонна, 0,5%-ға төмен) және Қостанай облысына (1,1 мың тонна, 47%-ға төмен) тиесілі. Бұл өңірлерде LOTTE Confectionery АҚ «Рахат», АҚ «Баян сұлу», түрік lker компаниясының еншілесі Group ЖШС «Хамле» және т.б. жұмыс істейді.

2020 жылы компаниялар 100,5 мың тонна шоколад және қант пен шоколадтан жасалған кондитерлік өнімдер өндірген – көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2,9%-ға ғана өскен. Жергілікті компаниялар сұраныстың (ішкі нарықтағы жүзеге асыру мен экспорт) тек 49,9% өтеген.

Сәйкесінше 50,6% импорт үлесіне тиесілі. Елге 103,1 тонна кондитерлік өнім жеткізілді, көрсеткіш бір жылда 1,2%-ға төмендеген. Экспорт 7,4%-ға өсіп, 30,7 мың тоннаға жетті.

Қазақстанның ішкі нарығында 163,9 мың тонна шоколад өндірілді – бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 0,7%-ға төмен. Бұл кезеңде елдің әрбір тұрғыны 8,7 кг (айына 724 грамм) шоколад пен одан жасалған кондитерлік өнім тұтынды.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсан аралығында елге 71,1 млн АҚШ доллар тұратын какао қосындысы жоқ 39,2 мың тонна қанттан жасалған кондитерлік өнімдер әкелінген. Табиғи түрдегі өсім 9,5%-ды, ақшалай түрде 0,1%-ды құрады. Импорттың басым бөлігі (87,7%) ТМД елдеріне тиесілі. Олардың ішінде басты тасымалдаушылар – Ресей, Украина және Өзбекстан. Әлемнің өзге елдері үлесіне 12,3% келді.

Елге 173,3 млн АҚШ долларына 62,7 мың тонна шоколад және өзге де какао қосындысы жоқ дайын азық өнімдер әкелінді. Импорттың қысқаруы табиғи түрде 8,1%-ды, ақшалай түрде 5,4%-ды көрсетті. Мұнда да импорттың басым бөлігі (89,6%) ТМД елдеріне келген.

Биылғы қаңтарда Қазақстанда кондитерлік өнімдер алдыңғы жылмен салыстырғанда 7,8%-ға қымбаттады. Карамель 6,2%-ға, шоколад жалатылған кәмпиттер 8,2%-ға, шоколад 8,1%-ға қымбаттаған.

Ақпан айында шоколад жалатылмаған кәмпит түрлері қалалардың дүкендері мен базарларында 1200 теңге тұрды – алдыңғы жылмен салыстырғанда 7%-ға қымбат. Еліміздің ірі қалалары мен мегаполистері ішінде қымбат кәмпиттер Ақтау (1,4 мың теңге) мен Ақтөбеде (1,1 мың теңге).

Басқа жаңалықтар

Back to top button