ӘлемБасты

TikTok: балаларды 3 наурызда жаппай суицид жасауға үгіттеген

Тик-Токта жасөспірімдерді өзін-өзі өлтіруге шақырған видеолар тарады. Осыған байланысты Ресейдің бірқатар қалаларында мектеп әкімшілігі ата-аналар чатына ескерту хабарлама жіберді. Бұл туралы BBC хабарлады.

Ата-аналарға жіберілген хабарламада TikTok әлеуметтік желісінде «3 наурызда жаппай суицид акциясына» қатысуға шақыратын видеолар пайда болғаны туралы жазған.

БАҚ-тың хабарлауынша, Ресейдің Новосибирск, Қазан және Благовещенск қалаларында «жаппай суицид акциясы» туралы ескерту жасалды. Благовещенск мектеп оқушыларының ата-аналарынан 3 наурызда балаларының сабақта болмау себептері туралы есеп беруді сұрады, деп хабарлады «2×2» порталы.

Роскомнадзордың мәліметіне сүйенсек, жасөспірімдерді жаппай суицид акциясына қатысуға шақыратын видео 24 ақпанда тарала бастаған. Орталық федералды округ басқармасы басшысының орынбасары Николай Макаренконың айтуынша, жаппай өзін-өзі өлтіруге итермелейтін бейнежазба 25 ақпан 22:00-ден 3 наурызға дейін 432 мың реттен көп қаралған.

Роскомнадзор мен прокуратураның араласуынан кейін TikTok мұндай ақпаратты қамтитын аккаунттарды бұғаттады, деп Николай Макаренко өз сөзіне қоса кетті.

Осы жағдайдан кейін TikTok әлеуметтік желісінің баспасөз қызметі, желі ережелерін бұзатын соның ішінде өз-өзіне қол жұмсауды суреттейтін, насихаттайтын,мадақтайтын контенттер жойылады деп мәлімдеді.

2016 жылы «Новый» газетінде «өлім топтары» деп аталатын әлеуметтік желідегі топтардың мүшелері өз – өздеріне қол жұмсағандығы жайында мақала шыққан еді. Бір жылдан кейін Ресей интернетте өзін-өзі өлтіруге итермелейтін ақпараттар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу туралы заң қабылдады.

Айта кетейік, бүгін Нұр-сұлтан қаласының полиция департаменті де ата-аналар чатында кәмелетке толмағандарды аутодеструктивті мінез-құлыққа шақыратын ақпараттың таралғаны туралы ескертті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button