АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп президенттікке тағы ұсынылуы мүмкін екенін жоққа шығармады. Бұл туралы экс-президент жексенбіде өткен Орландодағы (Флорида) консервативті саяси іс-қимыл конференциясында айтты.
Трамптың айтуынша, қазіргі америкалық көшбасшы Джо Байден «әкімшілік басшысы ретінде өзінің басты міндетін атқара алмады – америкалық заңдардың қатаң сақталуын қамтамасыз ете алмады».
Осыған байланысты «демократтар аралық сайлауда жеңіліске ұшырап, төрт жылдан кейін Ақ үйден сөзсіз айырылады. Кім біледі, Мүмкін мен оларды үшінші рет жеңермін.» деді Дональд Трамп..
Бұл Трамптың президенттіктен кеткеннен кейінгі көпшілік алдында сөйлеген алғашқы сөзі.