Қазақстанда 2021 жылдың қаңтар айында 3 мыңнан астам кибершабуыл жасалды. Бұл өткен жылғы қаңтармен салыстырғанда 2,8 есеге көп. Бір жыл бұрын кибершабуылдардың саны 30,5% – ға төмендеген еді.
Қазақстандықтардың дербес деректерінің қауіпсіздігі еліміз үшін басты мәселелердің бірі. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (ҚР ЦДИАӨМ) дербес деректерді қорғауды күшейту жөніндегі заң жобасына ұсыныстарды қабылдайтынын хабарлайды. Ұсыныстар 2021 жылдың 15 наурызына дейін қабылданады.
ҚР-да «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылуда, оның мақсатты атқаратын істерінің бірі 2018 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі халықтың цифрлық сауаттылық деңгейін 77% – дан 83% – ға дейін көтеру болып табылады. 2019 жылы халықтың цифрлық сауаттылығының нақты деңгейі 82,1% – ды, жоспарлы 78,5% – ды құрады. Қазақстан киберқауіпсіздік деңгейі бойынша БҰҰ рейтингінде 40-шы орында тұр, халықтың киберқауіпсіздік туралы ақпарат алу деңгейі тек 63% – ды құраған.
2021 жылдың қаңтар айындағы 3 мыңнан астам кибершабуылдың 2,7 мыңы ботнеттерге — яғни, компьютерлерді зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы олардың иелеріне ескертпей-ақ пайдалану арқылы жасалған кибершабуылдарға тиесілі. Ботнет шабуылдар саны бір жылда 3,2 есеге өсті.
Интернет-ресурстарға қолжетімділіктің жоқтығы тіркелген инциденттер бір жыл бұрынғыға қарағанда 176-ға (69,2%) артық тіркелді. Қазақстандықтардың жеке деректерін ұрлауға байланысты кибершабуылдардың саны, яғни фишинг жағдайлары өзгеріссіз қалды: 43 оқыс оқиға. Зиянды бағдарламалармен байланысты оқиғалар саны бір жыл ішінде 37-ден 38-ге дейін өсті.