AgroБасты

Қазақстандықтарға қандай жер телімі тегін беріледі?

Қазақстандықтар жеке тұрғын үй салуға арналған 10 сотық жерден бөлек учаскелер алуға құқылы. 25 сотық жер жеке қосалқы шаруашылыққа және 12-сі бау-бақша өсіруге беріледі. Бұл туралы Жер кодексінің 50-бабында айтылған. Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитеті осы туралы түсіндіріп берді.

Кодекстің 50-бабында жер учаскелері азаматтарға жекеменшікке ақысыз беріледі делінген:

  • жеке қосалқы шаруашылық үшін (үй және егістік алқаптарын қоса алғанда) ауылдық жерлерде – 0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде;
  • жеке тұрғын үй құрылысына – 0,10 гектар;
  • көгалдандыру, сондай-ақ саяжай құрылысына – 0,12 гектар.

Комитет жеке меншік үй учаскелері үшін жер ауылдық елді мекендерде беріледі деп түсіндірді.

«Үй маңындағы жер телімі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес тұрғын үй, шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар салуға пайдаланылады. Сонымен қатар, ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге жазық даладан жер телімін алуға болады», – деп толықтырды комитет өкілі.

Жеке қосалқы шаруашылық пен бау-бақша өсіруге арналған учаске азаматтарға тұрғылықты жеріне және тіркелген орнына қарамастан беріледі. Бұл ретте жер учаскесін алуға кезекке тұру заңнамада қарастырылмаған.

Жер учаскелерін алу үшін жерге құқық беру туралы өтініш өткізу қажет.

«Жеке қосалқы шаруашылық жүргізу мақсатына жер учаскелерін жекеменшікке тегін беру тек жер игерілгеннен кейін жүзеге асады.

Уақытша жерді игеру кезеңіне (жалдау) кодекстің 92-бабына сәйкес шарттар мен мерзімдер белгіленіп беріледі», – деп толықтырды комитет өкілі.

Айта кетейік, қазақстандықтар үй салу үшін 10 сотық жер алуға құқылы. Бірақ, соңғы мәліметтер бойынша, учаскені алу кезегінде 1,5 миллионнан аса адам тұр. Бұл сан жыл санап артып келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button