SocialБасты

Атырау-Доссор-Бейнеу автожолы төрт жолақты болады

«ҚазАвтоЖол» Атырау-Бейнеу жолын 4 жолаққа дейін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Атырау-Доссор-Бейнеу автожолы төрт жолақты болады.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Атырау облысындағы екі жолақты автожолын кеңейтуді жоспарлап отыр. Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасына дейінгі күре жол кеңейтілгенге дейін жеңіл көлік иелері үшін тегін болып қала береді.

Атырау облысының Атырау қаласында және Бейнеу, Жылыой, Мақат аудандарында «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» учаскесінде ақы алудың ашық жүйесін енгізу мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өтті.

Қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша көптеген жылдар бойы жол азабын тартқан облыс тұрғындары «ҚазАвтоЖол» компаниясының өңірде ақылы жолдар желісін дамыту жөніндегі жоспарларын қолдады, бірақ халықтың айтқан ұсыныс-пікірлерін міндетті түрде ескеруін талап етті. 

Жергілікті азаматтар облыс жолдарының тарлығының кесірінен жол апаты жиі болатынын алға тартты. Сондықтан әр кездесуде республикалық маңызы бар жолдарды 4 жолаққа дейін кеңейту мәселесі көтерілді.

Ұлттық компания өкілдері ашық ақылы жүйе енгізілетін Атырау облысының жолдары 2 және 3 техникалық санатқа жататынын мәлімдеді. Бірақ жақын арада оларды 1 санатқа ауыстыру жоспарлануда. Тиісінше, жол әр бағытта екі жолақты болады.

Ал әзірге, «ҚазАвтоЖол» баспасөз қызметінің басшысы Диас Ахметшәріптің айтуынша, «Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы» учаскесін тек жүк көліктері үшін ғана ақылы болмақ.

«Қазіргі уақытта төлем мөлшерлемесі әлі бекітілмеген, олар жүк көліктерінің салмағына, яғни тоннасына қарай есептелетін болады. Бірақ Қазақстанда басқа елдермен салыстырғанда жол ақысы ең төмен деп айта аламын. Сонымен қатар, 2 және 3 санаттағы трассаларда жеңіл көлік иелері төлемнен босатылған», – деп атап өтті ол.

Қоғамдық тыңдаулардың қорытындысы бойынша Атырау облысы тұрғындары «ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясы басшылығына келесі ұсыныстарын айтты: 

– республикалық жолдарды 4 жолаққа дейін кеңейту;

-Атырау-Доссор-Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы учаскесінде жүк көліктері үшін көлік жуу, жарықтандыру бағандарын құру, жолдың бойында малдан қоршау, ұялы байланысты құрылғыларын орнату;

– коммуналдық мекемелердің көліктеріне және жергілікті тұрғындардың салмағы 5 тоннаға дейінгі жүк көліктеріне жеңілдік абонементтерін енгізу;

– үй жануарлары үшін жарық шағылыстырғыш биркаларды енгізу.

Басқа жаңалықтар

Back to top button