Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов халыққа есеп беру барысында айтты.
«Соңғы бес жылда біз халықтан сүт сатып алу көрсеткішін 18 есеге арттырдық. Сүт өндірісімен айналысатын мекемелердің жүктемесі 29-дан 87 пайызға дейін өсті. Бірақ дайын сүт өнімдерінің сапасына қатысты бірқатар мәселе бар. Әлемдік стандарттарға баса назар аударып, шикізаттың қышқылдылығын азайтып, өндірісті заманауи технологияларға сәйкестендіру қажет», – деді аймақ басшысы.
Оның айтуынша, осының нәтижесінде сүт өнімдерін Қазақстанның басқа аймақтарына ғана емес, көрші елдерге де экспорттауға мүмкіндік тумақ.