Қазір бірінші кезекте медицина қызметкерлері жаппай екпе салдырып жатыр. Сондай-ақ ауруға шалдыққандар мен олармен жақын байланыста болған тұрғындар да егілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2013-2016 жылдары Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне елдерінде эбола таралып, 11 мың 300 адам қырылған болатын. Саа Йола Толно, Нзерекоре аймағының басшысы:
– Барлық адам өз еркімен келіп, екпе салдыруы керек. Себебі үкімет те, тұрғындар да осы індеттің алдын алуға бар күшін салып отыр.