«Таяуда ғана әкімдік жаңа сайт ашатындығын жария еткен едік. Бұл сайт – eлорда тұрғындарының ұсыныстарын жинауға арналған. Ол арқылы елорданың әрбір тұрғыны қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты кез келген мәселені жеткізе алады. Қаламызды жақсартуға және дамытуға қатысты ұсыныстар, қандай да бір проблемалар болып жатса, ол сайтқа егізіледі және біз оны бірлесе отырып шешеміз», – деді ол «Тәуелсіздіктің 30 жылдығын өткізудегі азаматтық сектордың рөлі» тақырыбында өткен кездесу барысында.
Сонымен қатар сайтта қала өміріне қатысты идеяларды жазып қалдыруға болады.
«Тұғырнаманың жұмыс істеу процесі қарапайым. Яғни, идея ұсыну, жинақтау, жобаны жүзеге асыру. Демек, біз тұрғындардың үздік ұсыныстарын бірлесе жүзеге асырамыз», – деді Бақтияр Мәкен.