ӘлемБасты

Гвинеяда Эбола індеті тарала бастады

Гвинеяда Эболадан 3 адам қайтыс болды. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.

Негізі індет 7 тұрғыннан анықталған. 1 ақпанда Гуеке қаласында медбикенің жаназасына қатысқаннан кейін оларда безгек, іш өту, құсу секілді ауру белгілері байқала бастаған.

Құзырлы органдар марқұмдармен және науқастармен байланыста болған адамдарды оқшаулап, тексеріп жатыр. Сондай-ақ билік Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бекіткен Эболаға қарсы вакцинаға тапсырыс берген. Бұдан басқа көршілес Конгодан да осы індет анықталған. Бірақ бұл жағдайлар бір-бірімен байланысты емес.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 5 жыл бұрын Гвинеяда Эболадан 2 жарым мың адам көз жұмған болатын.

Барри Мамадоу, жергілікті тұрғын:

– Қатты қорқып тұрмын. Эболаның Гвинеяда қайта өрши бастағанын естігенде есімнен таным қалдым. 2013-2014 жылдары болған қайғы-қасіретті қалай ұмытамыз?! Біз африкалықтар кедейміз, сондықтан бізге Эбола, коронавирус сияқты індеттерге төтеп беру қиын.

Басқа жаңалықтар

Back to top button