EconomyБасты

Бензин бағасының төмендігі бойынша Қазақстан 8-ші орында

Қазақстанда бір литр бензиннің бағасы - 170 теңге. Бұл, көршілес Түрікменстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстанға қарағанда арзан. Бұл туралы Еnergyprom.kz хабарлады.

Бензин бағасы ең арзан елдер рейтингінде Қазақстан 167 елдің арасында 8-ші орынды иеленді. Қазақстандық бензиннің құны литріне 170,2 тг құрады. Тізімде бензин ең арзан  елдер қатарында Венесуэла, Иран және Ангола бар.

ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2020 жылғы желтоқсанда Қазақстанда бензин бір жыл бұрынғыға қарағанда сәл қымбаттады. Осылайша, АИ-95/АИ-96 бағасы 0,8% көтеріліп, литріне 171,3 теңгені құрады; АИ-98-1,4% қымбаттап, литрі 190,2 теңгеге дейін; АИ-92 бағасы 2,7% өсіп, литрі 150,6 теңгеге дейін жоғарылады.

2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында Қазақстанда 4,5 млн тонна отын өндірілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button