ӘлемБасты

Угандада жол апатынан 32 адам көз жұмды

Уганданың батысындағы шосседе бес көліктің қатысуымен болған жол апатынан 32 адам қаза тапты. Бұл туралы 24 Khabar арнасы хабарлады.

Уганданың батысындағы шосседе бес көліктің қатысуымен болған жол апатынан 32 адам қаза тапты. Бұл туралы Daily Monitor басылымы хабарлады.

«Жөндеу жұмыстары жүріп жатқан Форт-Портал – Касесе жолында 2 ақпан күні бес көлік соқтығысып, 32 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы бесеуі ауыр жарақат алған», – деді Қызыл Жарты айдың Угандадағы өкілі Иран Накасита.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол апатына жүк көлігі жүргізушісінің рөлге ие бола алмай қалуы себеп. Көлік ішінде адамдар болған.

Полиция оқиғаны тергеуге кірісті. Жергілікті билік жол жөндеу жұмыстары жүріп жатқандығынан хабар беретін белгі қоймағаны үшін компанияның үстінен шағым түсіріп үлгерген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button