FinanceБасты

2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау мерзімі 1 ақпанда аяқталады

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2, 5, 10 мың теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау 1 ақпанда аяқталады. Ұлттық банктің Қолма-қол ақша айналысы департаментінің директоры Жомарт Қажымұратов осылай мәлім етті.

Оның айтуынша, 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2 000, 5 000, 10 000 теңгелік банкноттарды қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталып қалды.

Жеке тұлғалар үшін банкноттар тек Ұлттық банктің филиалдарында айырбасталады.

«Осы аталған банкноттар қолда бар болған жағдайда, Ұлттық банктің жақын маңдағы филиалына барып, 1 ақпан сағат 15:00-ге дейін ұлттық валютаның қолданыстағы ақша белгілеріне ауыстырып алуды сұраймыз», – дейді Жомарт Қажымұратов.

2021 жылдың 2 ақпанынан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қабылданбайды және ауыстырылмайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button