EconomyБасты

Былтыр азық-түлік саудасы 17,9 пайыздық өсім көрсетті

Қазақстандықтар індет өршіген 2020 жылы тауар сатылатын бөлшектік нүктелерде 11,6 триллион теңгесін жұмсаған. Бұл туралы Finprom.kz ақпарат көзі хабарлады.

«Бөлшек сауданың 60 пайызы сауда кәсіпорындары мен ұйымдарына тиесілі. Дәстүрлі ритейлдің ауқымды көлемі Алматы (3,4 трлн теңге, шынайы көрсеткіште 7,9 пайызға төмендеген) және Нұр-Сұлтан (1,3 трлн теңге, шынайы көрсеткіште 8,9 пайызға төмендеген) қалаларының еншісінде. 1 триллион теңгелік шектен Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстары да асып түсті. Қалған өңірлерде бөлшек сауданың көлемі 170,5 млрд теңгеден 708,3 млрд теңгеге дейін болды» делінген зерттеуде.

Бөлшек сауда құрылымында азық-түлікке жатпайтын тауарлар әлі де басымдыққа ие: 7,1 трлн теңге (әйтсе де бұл көрсеткіш 2019 жылғы көрсеткіштің ұқсас кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайыз төмен).

Ал азық-түлік саудасы былтыр алдыңғы жылға қарағанда 17,9 пайыздық өсімді көрсетіп, 4,4 трлн теңгеге жетті.

Жалпы ритейлде азық-түлік саудасының үлесі 38,3 пайызға (оның алдында 33,4 пайыз болатын) жетті.

«Карантин енгізілген айларда сауда нысандарының бірқатары жабылып қалғаны белгілі. Ал азық-түлік сататын дүкендердің жұмысы тоқтаған жоқ. Бұл жағдай жалпы ритейлде азық-түлік үлесінің артқанын көрсетті. Мысалы жалпы ритейлде азық-түліктің үлесі былтыр наурызда 37,3 пайызды көрсетсе, сәуірде 51,5 пайызға жетті. Ал мамыр-маусым айларында 39,9, шілдеде 41,4 пайыздық деңгейде болды» делінген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button