AgroБасты

Елші Мозер AgriTek көрмесінде АҚШ павильонын ашты

Қазақстандағы АҚШ Елшісі Уильям Мозердің AgriTek/FarmTek 2020 ауылшаруашылық көрмесінің ашылуында сөйлеген сөзі:  11 наурыз 2020 жыл, Нұр-Сұлтан

Елші Мозер AgriTek көрмесінде АҚШ павильонын ашты: «Америка Құрама Штаттары – әлемдегі ең ірі азық-түлік экспорттаушы ел, олардың арасындағы әлемдегі ең өнімді өндірушілерінің көпшілігі Қазақстанның ауа-райына ұқсас климатта жұмыс істейді, сондықтан біздің технологияларымыз бен жаңалықтарымыз қазақстандық ортаға жақсы бейімделгіш және аса жақсы сәйкес келеді.

Қайырлы күн, құрметті елшілер мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қызметкерлері, жеке сектор өкілдері, ханымдар мен мырзалар.

Бүгін 15-ші AgriTek жыл сайынғы сауда жәрмеңкесінің ашылуына үлес қосу мен үшін үлкен мәртебе.

Мен осы көрменің ашылуына сауда мен инвестицияны кеңейту, екі елде жұмыс орындарын құру және қолдау мақсатында өзара экономикалық серіктестіктің одан әрі дамуын қамтамасыз ету мақсатын көздеп келдім.

Осыған орай мен АҚШ пен Қазақстанның іскер топтарына алғыс айтқым келеді. Үкімет кәсіпкерлік ортаны құруға қолдау көрсетуге жауапты болса да, экономикалық өсу мен өркендеуге әкелетін – ол сіздің қажырлы жұмысыңыз екенін білеміз.

Ауылшаруашылық саласы  аса зор әлеуетке ие, америкалық компаниялар Қазақстанның экономикалық әлеуетін одан әрі дамытуда маңызды рөл атқара алады деп сенеміз.

Ауыл шаруашылығында, оның ішінде мал шаруашылығында екіжақты ынтымақтастықтың ұзақ тарихы бар. Мәселен, Солтүстік Дакотадағы қатал қыстың ызғарына төтеп бере алатын Ангус пен Герефордтың ірі қара малы Қазақстанға келгеніне биыл он жыл толып отыр. Содан бері қазақстандық кәсіпкерлер мен фермерлер осы тұқымдарды негізге ала отырып, қазіргі заманда бар ет өндірісін құрған.

Осы көрмеге ұсынылған америкалық компаниялардың қоржынында Қазақстанның аймақтағы азық-түлік жеткізушісі болуына көмегін тигізетін азық-түлік өнімдерін, сондай-ақ басқа да суармалы өнімдерді өндіру, сақтау, жинау және өңдеу тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар бар.

Біз Қазақстанның ауылшаруашылық кешенді дамыту жөніндегі әрекетін құптаймыз және мен ынтымақтастығымыздың кеңейту жолдарын қарастырамын.

Қорытындылай келе, осы көрмені ұйымдастыруда TNT productions америкалық компаниясына Сауда министрлігімен және Қазақстандағы біздің елшілігімізбен ынтымақтастығы үшін алғысымды білдіремін.

Уақытыңыз үшін рахмет – көрмеден жақсы әсер алуларыңызға тілектеспін!

Басқа жаңалықтар

Back to top button