ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2009-2020 жылдар аралығында. Тараз қ. аумағында нақты жұмыс жасамай және тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру заңсыз қызметімен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттерін әшкереледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тергеу барысында 10 адамнан, сондай-ақ бақылаудағы заңды тұлғалардың басшысы ретінде тікелей тіркелген қатысушылардан құралған қылмыстық топ контрагенттер-сатып алушыларды іздестіруді, екінші деңгейлі банктерде қаражаттарды қолма-қол ақшаға айналдыруды және т.б. жүзеге асырған.
Қылмыстық іс-әрекет нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал мөлшері 10 млрд. теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында бақыланатын кәсіпорындардың жалпы сомасы 1 миллиардтан астам теңге қаражаттарына тыйым салынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, сотқа жіберілді.