Басты

Алматы әкімі ДИАҚБ/ЕҚЫҰ сайлауды бақылаушылар миссиясымен кездесті

Кездесу барысында 10 қаңтарда өтетін Парламент Мәжілісіне сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері талқыланды. Бұл туралы Jana-kezen.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы әкімі Б. Сағынтаев Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның басшысы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ елшісі Я.М. Доманьскимен сайлаудың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, әлеуметтік және саяси контексін қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.

Қазақстандағы Парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның (СБШМ) ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) 2020 жылдың 8 желтоқсанында ашылған еді. Миссия елге биліктің ресми шақыруынан соң келді.

Миссияны елші Ярослав Марчин Доманьски басқарады. Оның негізгі құрамында Нұр-Сұлтанда тұратын 11 сарапшы бар. Бұлардан өзге, елімізге 24 ұзақ мерзімді бақылаушылар келді, олар 15 желтоқсаннан бастап еліміздің әр өңірінде жүр.

Миссия ЕҚЫҰ міндеттемелеріне, сондай-ақ демократиялық сайлау мен басқа да халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға және ұлттық заңнамаларға сәйкес сайлаудың барысын бақылайтын болады.

«Қазақстандағы парламенттік сайлауды бақылау жөніндегі шектеулі миссияның басшысы ДИАҚБ/ЕҚЫҰ елшісі Я. М. Доманьскимен сайлаудың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін, әлеуметтік және саяси контексін қамтамасыз ету мәселелерін талқыладық»,-деп жазды Б.Сағынтаев Twitter парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button