ҚР Әділет министрлігі Қоғамдық кеңесінің отырысы болып өтті
22 желтоқсанда Қоғамдық кеңестің төрағасы С.Б. Ақылбайдың басшылығымен Қоғамдық кеңестің онлайн отырысы өткізілді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz. Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Отырыстың жұмысына ҚР Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК директоры Сарпеков Р.Қ., ҚР Судьялар одағының төрағасы С. К. Байбатыров., «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау коммерциялық емес ұйымы» ЖМ бас директоры Л.Ю. Балмағамбетова., Республикалық адвокаттар алқасының төрайымы Баймуханова Қ.Р., Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушыларының палатасы басқармасының төрағасы Ибраев Е.Е., «Көмек» адамдарды сату құрбандарының уақытша тұратын орталығы» Ж.М. Рыль А.И., «Серпін» білім беру ұйымдарының Ұлттық ассоциациясы төрағасының орынбасары Артакшинова А.С., «Асыл» ҚБ төраға орынбасары Токушев Е.М., AUTISM KAZAKHSTANҰлттық ассоциясының төрағасы Балтабайқызы Н., Астана қаласы адвокаттар қоғамының мүшесі Кулубекова А.А., және «Қазақстан мүгедектер ұйымы одағы» ЗТБ төрағасы А.А.Аманбаев қатысты.
Отырыста төрт мәселе қарастырылды:
-«Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының мемлекеттік кепілдік берген заң көмегі бөлігінің жай-күйін іске асырылуын жағдайын талқылау;
-«Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» РМК – ның 2020 жылғы 10 айы ішіндегі қызметі мәселелері туралы ақпаратты талқылау;
-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК-ның 2020 жылға арналған қызметінің қорытындылары туралы;
-Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қоғамдық кеңестің 2021 жылға арналған Жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.
Қоғамдық кеңес,Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қызметін жақсарту жөнінде бірқатар ұсынымдар берді.
«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қоғамдық кеңестердің ұсынымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайтын және уәжді жауаптар беретін мемлекеттік органдардың қарауы үшін міндетті болып табылады.