Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов француздық Agence Française de Développement (AFD – Француз даму агенттігі) компаниясының өкілдерімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Jana-kezen.kz. министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесуде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласына инвестицияларды тарту, экологиялық және тұрақты дамуға ықпал ететін секторларды қаржыландыру қажеттілігі, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың басқа да әлеуетті салалары талқыланды.
Агенттіктің Орталық Азия бойынша директоры Вансан Копен бастаған AFD өкілдері Қазақстанның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ынтымақтастыққа қызығушылығын танытты.