Басты

АӨК және жер қатынастарын цифрландыру мәселесі қаралды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында АӨК және жер қатынастарын цифрландыру мәселесі қаралды.Бұл туралы Alash24.kz Премьер-Министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елдегі қазіргі жағдай туралы баяндады.

С. Омаровтың айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру тәуекелдерді төмендетуге, климаттың өзгеруіне бейімделуге, ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімділігі мен малдың өнімділігін арттыруға, агротехнологияларды уақтылы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығын цифрландырудың негізгі міндеті – өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайту, оның сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында халыққа түрлі қызмет түрлерін көрсету кезінде электрондық форматқа көшу қажеттігін атап өтті. Аталған тапсырманы іске асыру үшін министрлік халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді, салалық бизнес-процестерді автоматтандырды және оңтайландырды.

Мәселен, бүгінгі күні көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 94%-ы автоматтандырылды. Өткен жылмен салыстырғанда халыққа электрондық форматта көрсетілген қызметтердің үлесі 34%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығы министрі атап өткендей, мұндай нәтижелерге салалық ақпараттық жүйелерді жаңғырту арқылы қол жеткізілді. Оларды дамыту жұмысын үнемі жалғастырып отыру қажет.

«Қазақстан «Ауыл шаруашылығы малын сәйкестендіру» ақпараттық жүйесіне деректер енгізе отырып, ауыл шаруашылығы малын есепке алудың бірыңғай жүйесін пайдаланатын Еуразиялық экономикалық одақтағы алғашқы ел. Жүйеде 35 млн астам ауыл шаруашылығы малы тіркелген, онда 4,5 мыңға жуық ветеринария мамандары жұмыс істейді», — деді С. Омаров.

Басқа жаңалықтар

Back to top button