Басты

Алматы облысының жастар саясаты жөніндегі басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Елдар Қайсарұлы Сапаров Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1991 жылы туған. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономика бакалавры бойынша бітірген, 2015 жылы экономика ғылымдарының магистрі дәрежесін алған, 2019 жылы  PhD докторантасын аяқтады. Түркия мен Польша жоғары оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан өтті.

Еңбек жолын І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің маманы болып бастаған. Әр жылдарда ЖМУ-да жастар саясаты және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы, «Алматы облысының жастар саясаты жөніндегі орталығы» КММ «Талдықорған қаласының жастары» филиалының жетекшісі, І.Жансүгіров атындағы ЖМУ ректорының көмекшісі, проректордың тәрбие жөніндегі орынбасары, кафедра оқытушысы, «Алматы облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ-ның атқарушы директоры,  Алматы облысының ішкі саясат басқармасының «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы болды.

2020 жылдың қазан айынан – Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button