SocialБасты

Еңбек министрлігі азаматтардың жеке деректерін жинау үшін Telegram-ботты іске қоспады

Белгісіз адамдар азаматтарға мүмкін әлеуметтік төлемдер туралы ақпарат алу үшін өз ЖСН-і мен мобильді телефон нөмірін жіберуді ұсынатын i42500enbekkz_Bot telegram-боты фейк болып табылады, деп хабарайды Jana-kezen.kz

«ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы сынды telegram-боттарды іске қосқан жоқ. Еңбек министрлігінің қызметкерлері азаматтардан жеке дерегін сұратпайды»,- делінген министрлік таратқан хабарламада.

Азаматтардан фейктерге назар аудармауды және тек ресми дереккөздердегі ақпаратты пайдалануды сұраймыз.

Еске сала кетейік, жалған ақпарат тарату заңмен қудаланады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button