Басты

Қазақстан мен Израиль киберқауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстанның Израильдегі Елшісі Сатыбалды Бұршақов Қазақстан ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызмет» Республикалық мемлекеттік мекемесі мен Израильдің ұлттық кибер-директораты арасында киберқауіпсіздік саласындағы меморандумға қол қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz.

Меморандум ақпарат, стратегия, озық тәжірибе алмасуды, оның ішінде семинарлар, конференциялар мен тренингтерге қатысуды көздейді. Израиль Премьер-министрі кеңсесі жанындағы кибер-директораттың Бас директоры Игал Унна киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін, оның ішінде жаһандық пандемия жағдайында өзара іс-қимылдың өзектілігін атап өтті. Меморандумды іске асыру аясында Израиль сарапшылары Қазақстанға келуге дайындығын білдірді.

С.Бұршақов өз сөзінде меморандумды Қазақстан мен Израиль қарым-қатынастарына маңызды үлес қосады деп атады.

 Елші меморандумды дайындауға және келісуге күш-жігер жұмсаған ҰҚК «Мемлекеттік техникалық қызметінің» директоры Асқар Жүнісбекке және осы мекеменің Департамент директоры Медет Ысқақовқа, сондай-ақ Қазақстандағы Израиль Елшілігіне алғыс білдірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button