Басты

Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға рейстер ашылды

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Түркістан қаласының әуежайына тұрақты рейстер ашу бойынша жұмыс жүргізуде. Бастапқы кезеңде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркістанға күн сайын рейстер орындау жоспарланып отыр. Рейстерді 3 қазақстандық «Fly Arystan», «SCAT» және «Qazaq Air» әуе компаниялары орындайды, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Сонымен, бүгіннен бастап «Fly Arystan» әуе компаниясы жоғарыда көрсетілген бағыттар бойынша әуе билеттерді сатуды бастады. «Fly Arystan» рейстеріне әуе билеттердің бағасы Нұр-Сұлтан және Түркістан қалалары арасында 6999 теңгеден және Алматы мен Түркістан қалалары арасында 5999 теңгеден басталады.

Нұр-Сұлтан – Түркістан – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша алғашқы рейс 2020 жылдың 1 желтоқсанында орындалады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button