«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен Birgemiz: Asyl Mura жалпыұлттық жобасы аясында Достық үйінде «Музейдегі түн» акциясы өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың, жергілікті халықтың назарын мәдени мұраларға аудару, ұлттық құндылық, код туралы түсініктерін қалыптастырумен еліміздің тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін білуге ат салысуға жұмылдыру. Акция барысында қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты викторина, квест және «Алмас қылыш» көркем фильмінің көрсетілімі өткізілді»,- дейді ұйымдастырушылар.
Тарихқа «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өтті. Мереке идеясы әлдеқайда бұрынырақ, 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралып шығуға есік ашатын. Ол кезде ол акция «Музей көктемі» деп аталып, мамыр айында өткізілетін. Биыл еліміздегі ахуалға байланысты аталмыш акцияны мамыр айында өткізуге мүмкіндік болмады.
Елордадағы аталмыш шара барлық санитарлық нормаларға сай өткізілді.