EducationБасты

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында балаларға арналған мемлекеттік тілдегі контент әзірленеді

Жас ұрпақты мемлекеттік тілге оқыту және қолдану аясын кеңейту мақсатында «Nickelodeon», «Disney», «TiJi» телеарналарының мультипликациялық фильмдері мен балалар әдебиетінің әлемдік бестселлерлері қазақ тіліне аударылатын болады, YouTube әлеуметтік желісінде өскелең ұрпақ үшін арнайы тақырыптық арналар ашылады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Рухани жаңғыру» жобасының ақпараттық порталының хабарлауынша, бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған жас ұрпақты қалыптастыруға арналған «Ulttyq tárbıe», жастардың ғылыми жетістіктері туралы «Ақылды ұрпақ» жобаларын жүзеге асыру жоспарланған.

«Қазақи тәрбие-таным» жобасы бойынша кітап оқитын жастардың санын арттыру, жастардың жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру, бос уақытты тиімді жоспарлау сияқты басқа да іс-шаралар қамтылған.

Сонымен қатар, жастардың бойына нәтижелі еңбек ету, сапалы білім алу, денсаулық күтімі сынды құндылықтарды сіңіру бойынша NEET санатындағы жастармен кешенді жұмыс жүргізу жоспарланған. Бұған қоса, заманауи сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпар беретін – «кәсіптік бағдарлау» және ресурс үнемдеу мен жаңа экологиялық этиканы қалыптастыруға үндейтін – экософия тұжырымдамасы іс-шаралар кешені қарастырылған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button