Басты

Қазақстанда электронды петиция жүйесі енгізілмек

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың халыққа арнаған жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіру жөніндегі баспасөз конференциясы барысында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева мемлекеттің қызметіне қатысуға қоғамдық қызығушылықтың өсіп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Министр Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында министрлік әлемнің 30-ға жуық елінің тәжірибесін зерделегенін, онда петиция іс жүзінде қолданылатынын айтып өтті.

Сонымен, көптеген елдерде «петиция» ұғымы ұжымдық үндеудің электрондық түрі болып табылады және заңнамалық деңгейде реттеледі. Осыны ескере отырып, Аида Балаева Қазақстанда петиция ұғымы бекітілетінін, сондай-ақ оны беру және қарау тәртібін реттейтін тиісті нормативтік-құқықтық база әзірленетінін атап өтті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button