TechБасты

Атырауда «Сергек» арқылы 43 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Атырауда «Сергек» бақылау жүйесі іске қосылған күннен бері жүргізушілерге 43 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Оның 3 жарым миллионы өндірілген. Жаңа жүйе мұнайлы өңірде 10 қыркүйектен бастап іске қосылды Қазір 153 желілік жол учаскесі мен 51 жол қиылысында бақылау камералары орнатылып, жұмыс істеп тұр. «Сергектің» тағы бір артықшылығы ол қаладағы бұрынғы бейнебақылау камераларымен ортақ жүйеге бағындырылған. Ол тек қала көшелеріндлегі қозғалысты емес шағын аулалар мен демалыс орындарындағы оқыс оқиғаларды да дер кезінде анықтай алады. Бүгінде алғашқы айппұл арқалағандар анықтала бастады. Олар егер өз кінәсін мойындамаса немесе даулы мәселе болса, әкімшілік полициясына келіп арыздана алады.

«Күні бүгін «СЕРГЕК» камералары арқылы 3408 құқық бұзушылық тіркелді. Айыппұл туралы хабарламаны «Қазпошта», сондай-ақ СМС-хабарлама  арқылы  жіберіледі. Әрине көптеген жүргізуші Сергектің жұмысына  сенімсіздікпен қарайды. Өткен аптада жол қозғалысы ережесін бұзған 20 жүргізуші ПД Әкімшілік полиция басқармасына келіп, бейнекамералар арқылы өздері тарапынан жіберілген бұзушылықтарға көз жеткізді»,-деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова

Басқа жаңалықтар

Back to top button