Сериялық электромобиль 2020 жылдың сәуірінде Нью-Йоркте әлемге таныстырылуы тиіс.
Америкалық Lucid Motors компаниясы тоқпен жүретін Air седанынан сынақтан өткізді. Бұл көліктің топ-версиясына орнатылатын электромотордың қуаты 1 мың аттың күшіне жуық болады екен.
Бұл туралы popmech.ru-ға сілтеме жасап zakon.kz хабарлайды.
Lucid Motors компаниясы Air электроседанын жетілдірумен көптен бері айналысып келеді. Сериялық электромобиль 2020 жылдың сәуірінде Нью-Йоркте әлемге таныстырылуы тиіс.
Air-дің базалық версиясында 406 аттың күшін өндіретін бір электромотор болады екен, жүріс запасы 386 шақырым. Қымбатырақ келетін топ-версияда 1 мыңға жуық аттың күшін өндіретін екі электромотор болады, оның бір толық зарядпен жүретін жолы 507-644 шақырым.