TechБасты

Apple қандағы оттегіні есептейтін сағат шығарды

Осы күзде Apple  жанкүйерлері қуанышты жаңалық күткен. Компания пайдаланушыларына жаңа, 12-інші IPhone таныстырылымын жасауға уәде еткен еді. Десе де гаджет өндірушілері жаңа «алмафонды» таныстыруға асықпайтын сыңайлы. Ipad-тың сегізінші толқыны мен Apple Watch смарт сағаттарының жаңа шығарылымын жұртшылыққа таныстырған компания IPhone 12  қашан шығатынын жасырып отыр, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Егемен Қазақстанға сілтеме жасап.

Жаңа iPad 8  тұсаукесері осымен екінші рет компанияның дәстүрлі мәжіліс залында, қонақтардың қатысуынсыз өтті. Көрермендер таныстырылымды онлайн форматта, сайт арқылы тамашалауға мүмкіндік алды.

9,7 дюймдік IPS экраны бар, жұқа жақтаулары мен Home түймесі бар планшет көпшіліктің көңілінен шығып отыр. Құрылғы  бұл жолы iPhone Xs және iPad Pro 2018-де орнатылған Apple A12 процессорымен ерекшеленген.

Сондай-ақ, Apple дисплейі жоқ iPad Air жаңа буынын да шығарды. Бұл жолғы 11 дюймдік құрылғы iPad Pro-ға арзан балама ретінде орналастырылған. Планшет бес түсті: қара, ақ, алтын, көк және жасыл болады. Жаңа iPad компанияның сайтында  сейсенбіден бастап қолжетімді. Ал сатылымға 18 қыркүйекте шығады.

Apple-дың тағы бір жаңалығы –  Watch Series 6. Смарт сағаттың артықшылығы мол. Бұрынғыдан 20 пайызға қуатты құрылғы қандағы оттегінің деңгейін және ұйқының ұзақтығын бақылап отырады. Сондай-ақ, «ақылды» сағат қолды сапалы жуу үшін қанша секунд керек екенін де есептеп береді. Apple Watch Series 6-ны қалтасы көтермейтін пайдаланушыларын да ұмытпаған. Олар үшін Apple Watch SE сериясын ұсынды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button