«Қазгидромет» РМК 12-14 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
«Үш күн бойы Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс циклонының алдыңғы бөлігінің ықпалында болады, ол ауа температурасының жоғарылауын тудырады. Алайда кей жерлерде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр өтеді. Тек еліміздің шығысында жауын-шашын болмайды, ал түнгі және таңғы уақытта кей жерлерде үсік және тұман байқалады», делінген Казгидрометтің хабарламасында.