Елдің бес өңірінде ауа-райына байланысты ескерту жарияланды
Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz
Ақмола облысы 3 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде жаңбыр жауады, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 13-18 градусқа дейін күрт төмендейді.
Көкшетау қ.: түнде және таңертең найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз ауа температурасы 14-16 градусқа дейін күрт төмендейді.
Қызылорда облысы 3 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысы 3 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысыныда ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін күрт төмендейді. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Петропавл қ.: 3 қыркүйекте түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Павлодар облысы 3 қыркүйекте Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Солтүстік -батыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: күндіз 03 қыркүйекте солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі 4 қыркүйекте Павлодар облысында ауа температурасы күндіз 12-18 градус жылыға дейін төмендейді. Кей жерлерде жаңбыр жауады, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.
Атырау облысы Күндіз 2 қыркүйекте Атырау облысында 35-38 градус қатты ыстық, кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.