EducationБасты

Абайдың 175 жылдығына арналған кітаптың тұсаукесері өтті

Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлемді аялаған сөз. Қазақстан этностарының өкілдері Абай туралы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Jana-kezen.kz Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ағымдағы жылғы 26 тамызда Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті басшылығының, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерінің, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшелерінің, ҚХА аймақтық өкілдерінің, Абай туралы эсселердің авторлары мен рецензенттерінің қатысуымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ҚХА қолдауымен Абайдың 175 жылдығына арналған «Әлемді аялаған сөз. Қазақстан этностарының өкілдері Абай туралы» кітаптың тұсаукесері өтті.

Комитет төрағасы Болат Мажағұлов өз сөзінде Абайдың ресми күнінің пайда болуы – қазақ халқының рухани жаңғырудың символына айналған ұлы бабамызға құрмет екенін және кітапта біздің ортақ болашағымыз, ортақ мұрамызды сақтау перспективалары мен қажеттілігі туралы жазылғанын атап өтті.

Институт директорының орынбасары Айгүл Сәдуақасова іс-шара қатысушыларын Абай мұрасы туралы үш жүзжылдықтан түрлі этностар өкілдерінің ой-пікірлерінің жинағын құру идеясы туралы, XIX-XX ғасырларда басталған және рухани бағдар ретінде жаңа ұрпақ жинаған ұлы ойшыл мен гуманист туралы ретроспективаны біріктіру ниеті туралы таныстырды.

Іс-шара барысында Абайдың тұлғасы, оның қосқан үлесі мен мұрасы туралы Ш.А. Пулатов, С.С. Қорабай, эссе авторлары Д.Х. Нұралиева, К.И. Мирзоев және Б.В. Шевченко сөз сөйледі.

Модератор Институт директоры Т.Б. Қалиев бейбітшілік, гуманизм, білім мен еңбектің мәңгілік құндылықтары бізді адамзат қоғамдастығы ретінде біріктіретіні жайында тоқталып өтті.

Тұсаукесерге Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырушылық-техникалық қолдау көрсетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button