EducationБасты

ШҚО оқушылары халықаралық олимпиадалардан 106 медаль жеңіп алған

Шығыс Қазақстан облысының оқушылары өткен оқу жылында халықаралық және республикалық олимдиаларға қатысып, 106 медаль иеленген, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Өңірдің дарынды балалары әлемді білімдерімен мойындатқаны жөнінде аймақ басшысы Даниал Ахметовтің қатысуымен өткен тамыз конференциясы барысында сөз етілді.

 

Білім басқармасының басшысы Сайрангүл Жұмаділованың айтуынша, оқушылар командасы Шығыс Қазақстанның атын халықаралық және республикалық олимпиадаларда абыроймен қорғап жүр.

2019-2020 оқу жылында интеллектуалдық сайыстарға қатысушылар 106 медаль иеленген. Оның ішінде 36 алтын, 31 күміс, 39 қола бар. Соның 35-і – халықаралық сайыстардың еншісіндегі медаль.

Еуропадағы халықаралық олимпиадаға қатысып, физика пәні бойынша бағын сынап, ел намысын қорғаған Семейдегі облыстық мамандандырылған білім-инновация лицейінің 11 сынып оқушысы Расул Мағауин алтын медальді қанжығасына байлады.

Сондай-ақ мектептер халықаралық жобалар мен байқауларға қатысуда.

БҰҰ мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мұрындық болуымен ұйымдастырылған «Менің Эко-Мектебім» атты республикалық байқауға қатысқан Семейдегі №3 мектеп-кешені рейтинг бойынша жоғары балл жинап, ҚР-дағы Жапония елшілігінің 23 млн теңге көлеміндегі халықаралық қайтарымсыз грантын ұтып алды.

Бүгінгі күні №3 орта мектеп өңірдегі қанатқақты алаңға айналған.

Басқа жаңалықтар

Back to top button