Басты

Аида Балаева журналистика факультетінде «медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынды

Болашақ журналистер арасында «Үміт» шығармашылық байқауы өткізіледі.

Бұл туралы бүгін медиа саласының мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарының ректорларымен кездескен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Сонымен қатар жоғары оқу орындарындағы жас мамандарды нақты сала, атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, экономика, қаржы, медицина, экология салалары және басқа да бағыттар бойынша дайындау ісіне көп сын айтылады. Бұл орайда министрлік медиа сала мамандарын дайындау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша арнайы жоба әзірлеп отыр. Мұнан бөлек білім беру жүйесінің білім беру деңгейі мен тиімділігін арттыру үшін жыл сайын студенттер арасында «Үміт» шығармашылық байқауын өткізу жоспарланып отыр», – деді Аида Балаева.

Оның атап өтуінше, медиа сауаттылық мәселесі де бүгінгі күннің көкейтесті мәселесіне айналған.

«Себебі бүгінгі интернет заманы, түрлі әлеуметтік желілер көптеген жалған ақпараттың, зерттелмеген тақырыптың таралуына себеп болып жатады. Осы орайда еліміздегі жоғарғы оқу орындарында журналистика факультетінде «медиа және ақпараттық сауаттылық» пәнін енгізуді ұсынамын. Баспасөз қоғамның айнасы болса, журналист сол қоғамға ақпаратты жетізетін тұлға. Сондықтан қоғамның мәдениетін көтеріп, талғамын қалыптастыру, сауатын арттыру тілшілер қауымына артылатын сенім мен міндет десек артық айтқаным емес. Осы орайда біз бір келісімге келіп, оң нәтижелерге қол жеткізуге, бірге қызмет етуге алдағы уақытта да дайындыз», – деді министр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button