Басты

Димаш Құдайберген радио ашқан польшалық фанаттарға алғыс айтты

Әлемге танымал қазақстандық әншінің Польшадағы жанкүйерлері «Димаш» радиосын ашты. Бұл туралы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

«Бүгін Польшада «Димаш» радиосы ашылғанын білдім. Құрметті менің Dears-тарым (Димаштың фанаттары), менің шығармашылық жұмысыма арналған радио ашқандарыңыз үшін зор алғыс айтамын. Осындай радио алғаш Аргентинада, одан кейін Польшада ашылды. Сіздер мен үшін көп нәрсе істеп жүрсіздер. Әлемде әншілер көп екенін жақсы білемін, бірақ сіздер маған сенім артасыздар. Сіздерге деген алғысым шексіз», – деп жазды Димаш Құдайберген Instagram парақшасына.

Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын.

RadioDimash.pl -дің хабар тарату студиясы бар.

Ол жерде қандай бағдарлама болатыны жоспарланып, кесте құрылады. Сондай-ақ онлайн хабар тарататын және бағдарлама шығаратын студиясы бар. Радио тақырыптық музыкалар, репортаж, сұхбат, туризм бағытындағы бағдарлама, балалар мен ересектерге арналған авторлық бағдарламалар ұсынады деп жоспарлануда.

«Негізінде Димаштың әндері көбірек қойылады. Бірақ Димаштың бағытына жақын польшалық және шетел әншілеріне де орын табылады. Аталған радио Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі фан-клубтарымен байланыс орнатуға, бірге жұмыс істеуге дайын. Біз Димаштың концерті Польшада да өткенін армандаймыз», – делінген Facebook-тегі «Dimash Kudaibergen Fan Club Poland» деп аталатын Димаштың фан-клуб парақшасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button