Эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде жоспарлы алдын алу жұмыстарына қатысты жалған ақпарат тарап жатыр. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап Jana-kezen.kz хабарлайды.
«Құрметті абоненттер, қазіргі уақытта what’s up мессенджерінде жерсеріктік және эфирлік телерадиохабар тарату желілерінде Жоспарлы алдын алу жұмыстарының жүргізілуі туралы жалған ақпарат тарауда. Осы ретте Сіздерді үрейге бой алдырмай, тек ресми мәліметке сенулеріңізді сұраймыз. «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ онда бұл жұмыстардың телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшін қажет екені айтылған. Ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады.