Басты

Петропавлда камералардың көмегімен 6549 оқиға анықталды

Бейнебақылау камералары қалалық полицейлерге тәулік бойы қылмыспен күресуге, құқық бұзушылықтардың жолын кесуге және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі. Полицияның 1300-ден астам бейнекамерасы облыс бойынша күнделікті қоғамдық қауіпсіздікті және жол қауіпсіздігін сақтауға жәрдемдесіп тұр. Оның негізгі бөлігі – 410-ы облыс орталығында орнатылған. Жедел басқару орталығының инспектор-навигаторлары олардың көмегімен үш ауысымда құқықтық тәртіпті бақылайды. Негізгі жүктеме осыларға түсіп, тәулік бойы ондаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар тіркеледі, деп хабарлайды Jana-kezen.kz

Бейнематериалдар Полиция департаментінің серверлерінде 30 күн сақталады. Камерадағы бейнежазбалар жол-көлік оқиғалары, көшедегі төбелес пен бұзақылық фактілері бойынша сотта қаралатын істердің соңғы нүктесін қоюға да септігін тигізіп жатады. СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қанат Айтбаевтың айтуына қарағанда, жыл басынан 9092 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген, оның 6549-ы жол жүрісі ережелерінің бұзушылықтары. Сондай-ақ, камералардың көмегімен қылмыстарды ашуға септігін тигізген 108 факті анықталған.

Инспектор-навигаторлардан басқа Жедел жоспарлау орталығының ауысымы құрамында «102» арнасының операторлары кезекшілік етеді. Жыл басынан олар 83 254 қоңырау қабылдаған. Оның ішінде жасалған қылмыстар мен оқиғалар туралы азаматтардан келіп түскен 16 393 хабарлама бойынша жылдам ден қою қажет болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button